«Ұрмай-ақ үйретуге болады ғой»: Айгүл Иманбаеваның видеосы желіде дау тудырды

Бүгін, 08:18 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әнші Айгүл Иманбаеваның шәкірттерін сахналық қимыл мен актерлік шеберлікке үйретіп жатқан видеосы қызу талқыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда өнер иесінің шәкірттерінің тұрысы мен қимылын түзетіп, оларға сахнада өзін ұстауды үйретіп жатқанын көруге болады. Алайда оның сабақ барысында қолданған тәсілі желі қолданушыларының екіге бөлінуіне себеп болды.

Бірі Айгүл Иманбаеваның талапшылдығын құптап, тәжірибелі маманнан тәлім алған шәкірттердің шеберлігі жоғары болатынын айтса, енді бірі әншінің әрекетін сынға алды.

«Кеудесінен сонша ұрғаны несі?», «Басқаша өткізуге болмай ма?», «Қиналып тұр ғой балалар», «Ұрмай-ақ үйретуге болады ғой», – деп жазды оқырмандар.