Ақтөбе облысында 100 жылқыны жымқырды деген айыппен сотталып, кейін бостандыққа шыққан Рахат Сәрсенов жаңа баспанаға қоныстанды. Қарияға пәтерді кәсіпкер Азамат Үсембай сыйға тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рахат Сәрсенов 33 жыл бойы шаруа қожалығында жылқы бағып еңбек еткен. Алайда кейін 100 жылқыны жымқырды деген айыппен сотқа тартылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Кейін апелляциялық сот істі қайта қарап, рақымшылық туралы заңды қолдану туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қария сот залынан босатылды.
Бостандыққа шыққан Рахат Сәрсембай енді кәсіпкер Азамат Үсембай тарту еткен пәтерге көшіп барды.