Шетелге шығып кеткен: Алматыда белгілі блогерге іздеу жарияланды

Бүгін, 20:07 / Жамбыл Жайлау
әлеуметтік желіден

Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттерін әлеуметтік желіде жариялауымен танылған блогер Назар Роллан құқық қорғау органдарының іздеу тізіміне енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогерге қатысты мәлімет Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының іздеудегі адамдар туралы ақпараттық базасында жарияланған.

Порталдағы дерекке сүйенсек, 1998 жылғы 14 қаңтарда дүниеге келген Назар Роллан "Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар" санатына енгізілген. Іздестіру шараларын Алматы қаласы полиция департаментіне қарасты Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында блогердің төбелеске байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылғанын жазды.

Журналистің мәліметінше, құқық қорғау органдары Назар Ролланды тергеуге шақырған. Алайда блогер полицияға келмеген. Осыған байланысты оған ресми түрде іздеу жарияланған.

Сондай-ақ Михаил Козачков Назар Ролланның Қазақстаннан тыс жерде жүргенін мәлімдеді. Дегенмен оның нақты қай мемлекетте екені айтылмаған.

Назар Роллан бұған дейін Алматы көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзған видеолары арқылы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған.

Тэгтер:

блогер Алматы Назар Роллан