Қостанай облысында полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында тіркеу тәртібін бұза отырып жүрген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Материалдарды қарау нәтижесінде екі шетел азаматына қатысты сот Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.
Тағы екі шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.