Түркістан облысында үш автокөлік жол апатына ұшырады. Соқтығыс салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат Алматы – Термез – Ташкент автожолында болған. Екі жүк көлігі мен ВАЗ маркалы жеңіл автокөлік қатысқан.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Қазір полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
«Алматы – Термез – Ташкент автожолында үш көлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Екі жүк көлігі мен ВАЗ маркалы автокөліктің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.