Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады.
Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойыға тыйым сала отырып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясының мекенжайына жеке қаулы шығарылды.
Үкім заңды күшіне енді.