Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 15 қазан күні таңертеңгі жағдай бойынша алтынның бір грамының бағасы 60 302,57 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір апта бұрын алтынның бір грамы 59 215,71 теңге болған. Осылайша, бір апта ішінде алтынның бағасы 1 086,86 теңгеге өсті.
Сондай-ақ бейсенбі күні әлемдік нарықта алтын бағасы 1%-дан астам өсіп, АҚШ долларының әлсіреуі аясында бір аптадағы ең төменгі деңгейден қайта көтерілді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Спот нарығында алтынның бағасы 1,3%-ға өсіп, бір трой унциясы 4 158,63 долларға жетті.
Ал АҚШ-тағы желтоқсан айына арналған алтын фьючерстерінің бағасы 1,8%-ға қымбаттап, бір унциясы 4 180 долларды құрады.