Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның мәйіті табылды

Бүгін, 12:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы («Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру») бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

Тэгтер:

Ақмола облысы шахта Бестөбе