Бүгін Астана халықаралық әуежайының 2-терминалында (T2) өрт дабылы жүйесіне жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін уақыт аралығында өрт дабылының қысқа мерзімге қосылуы мүмкін.
Жолаушылардан және әуежай қызметкерлерінен түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген ақпаратта.