Қарағандыда кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Бүгін, 10:37 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерде қарағандылық жүргізушілердің үйлену тойы кезінде жол ережесін бұзып, кортеж ұйымдастырғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда автокөлік жүргізушілері қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқан.

Полиция қызметкерлері барлық құқық бұзушыны анықтап, оларды жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Полиция жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салады. Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.