«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюын таспаға түсіріп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кадрлар парк аумағын зерттеу жұмыстары барысында түсірілген.
Тянь-Шань қоңыр аюы — Көлсай өңіріндегі сирек кездесетін жануарлардың бірі. Ұлттық парк мамандары атап өткендей, жыртқыштың табиғи мекен ету ортасында тіркелуі биоалуантүрлілікті бақылау үшін маңызды.