Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.
Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.
Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.
Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.