Биржада доллар бағасы қымбаттады

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,62 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,14 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 14 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 448,45 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 451,05 теңге, ал сату бағамы 453,15 теңге. Астанада доллар орта есеппен 447 теңгеден сатып алынып, 454 теңгеден сатылып жатыр. Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 450,86 теңге болса, сату бағамы 452,73 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 5 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,62 теңгеге өскен еді. 6 қазанда 1,71 теңгеге, 7 қазанда 5,6 теңгеге төмендеді. Ал 8 қазанда 1,73 теңгеге, 9 қазанда 4,06 теңгеге өсті. 12 қазанда доллар бағамы 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге арзандады.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам