Димаш Құдайберген Индонезияда жеке концертін өткізбек

Бүгін, 17:17 / Інжу Әлихан
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген 12 желтоқсанда DIMENSIONS WORLD TOUR әлемдік турнесі аясында Индонезияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Sentul International Convention Center сахнасында өнер көрсетпек. Концерт билеттерінің алдын ала сатылымы 25 қазанда, ал жалпы сатылымы 26 қазанда басталады.

«Индонезия, жақын арада кездескенше!» – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген Индонезия