Астанада құмар ойынға ақша салған мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Бүгін, 17:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан 2 мемлекеттік қызметкер анықталды. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Мемлекеттік қызметшілер мынаны есте ұстауы тиіс: мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажет.

Әрбір осындай фактіге принципті құқықтық баға берілетін болады.

Тэгтер:

құмар ойын мемлекеттік қызметкер бәс тігу