Риддерде борышкерлерден 15 млн теңге алимент өндірілді

Бүгін, 16:54 / Алуа Арман
istockphoto.com

Риддер қаласының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында алимент төлемеген 19 борышкерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өндіру бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алимент бойынша берешек жалпы сомасы 15,6 млн теңгеге ішінара өтелді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 20 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оның ішінде 15 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімдерін шығарды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда.

 

 

Тэгтер:

алимент Риддер борышкер