Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында полицейлер шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тарту дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заң бұзушылық “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тексеру жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады.
Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.