Ресейде аюлардың шабуылынан 26 адам қаза тапқан

Бүгін, 10:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Биылғы көктемінен бері Ресейде қоңыр аюлардың шабуылынан кемінде 26 адам қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тамыз айынан бастап жабайы аңдардың елді мекендерге жиі келе бастағаны тіркеліп отыр. Мұндай жағдайлар негізінен Краснояр өлкесінде, Бурятияда, Хакасияда, Тывада, Алтай Республикасында, Кузбаста және Сахалинде байқалады.

Аюлардың елді-мекендерге жақындауының бір себебі ретінде ормандарда қоректің жетіспеуі аталып отыр. Азық іздеген аюлар адамдарға жақындайды, бұл олардың шабуыл жасау қаупін арттырады.

Мемлекеттік мониторинг деректеріне сәйкес, соңғы 30 жылда Ресейдегі қоңыр аюлардың саны екі еседен астам өсіп, 300 мың басқа жеткен.

Осыған байланысты Ресей үкіметі қоңыр аюлардың популяциясын реттеу жөніндегі кешенді шараларды әзірлеп жатыр. Бастаманың мақсаты — адамдар мен жабайы жануарлардың қауіпсіз қатар өмір сүруін қамтамасыз ету.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында аюлардың тұрғын үйлерге қайтадан жақындағаны хабарланған болатын.

Тэгтер:

аю шабуыл қоңыр аю