Семей қаласында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Қыздың бұрынғы жігіті кінәлі деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Марқұмның туыстары соттан кісі өлтіру әрекетін аса қатыгездікпен жасалған қылмыс ретінде саралауды талап еткен. Алайда судья айыптауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қалдырды.
КТК мәліметінше, Дильназ Жұмағұлова 13 шілдеге қараған түні Бородулиха ауылында өлтірілген. Қыз мектеп кезінен таныс болған бұрынғы жігітімен жанжалдасып қалған.
Сот процесі барысында Дильназдың алдымен жігітті шапалақпен ұрғаны анықталды. Ол да қызды ұрып, кейін пышаққа жармасқан. Алдымен жігіт қыздың мойнына пышақ сұғып, артериясын зақымдаған. Содан кейін оның басынан ұрып, пышақпен бірнеше рет жарақатғана.
Одан соң ол мәйіттен құтылуға тырысқан. Жас жігіт марқұмның денесін ұзақ уақыт бойы сүйреп апарғанымен, ақырында шаршап, оны жолдың ортасында қалдырып кеткен.
Кісі өлтірудің осындай мән-жайларына қарамастан, сот айыпталушының әрекеттерінен аса қатыгездік белгілерін анықтамаған.
«Оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп судья Нияз Хасенбаев сот шешімін жариялады.
Бұдан бөлек, сот сотталған азаматты Дильназдың туыстарына моральдық зиянды өтеу үшін 20 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 1 миллион теңгеден астам қаражат және өкілдік қызметтер үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.