Қазақстандық балуан Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанды

Бүгін, 08:13 / Нұрлан Әлинұр
Фотт: ҰОК

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы (U23) әлем чемпионатында грек-рим күресінен отандасымыз Айбек Айтбеков алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан финалда Әзербайжан спортшысы Эльмир Алиевпен кездесіп, оны 13:4 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді.