Маңғыстауда ысталған балықтан уланған үш науқас ауруханадан шықты

Бүгін, 06:01 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен ауруханаға түскен үш науқас емделіп, медициналық мекемеден шығарылды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 қыркүйекте бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған бала, ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілермен медициналық көмекке жүгінген болатын. Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ботулизмге қарсы сарысу енгізілген.