Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Бүгін, 05:53 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам қамауға алынған жоқ – ол үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

"Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.