Орталық сайлау комиссиясы Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының сайлауы өтетін күнді белгіледі. Сайлау туралы конституциялық заңның 101-бабының үшінші тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өкілеттіктердің мерзімі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей өткізуі керек.
Бүгін ОСК мәслихат сайлауы 2026 жылғы 29 қазанда өтетінін хабарлады.
Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.