Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы Каспий жағалауы аумағынан итбалықтардың өлекселері табылғанын растады. Мамандар биоматериалдар мен су сынамаларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
13 қазанда «Жануарлар дүниесін қорғау қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Түпқараған ауданының Баутинская коса және Асан аумақтары аралығындағы жағалау белдеуін тексеріп, әртүрлі дәрежеде шіріген Каспий итбалығының 15 өлексесін тапты.
Эндемик жануарлардың қырылу себептерін анықтау үшін биоматериалдар мен теңіз суынан сынамалар алынып жатыр. Коммуналдық қызметтердің қызметкерлері итбалық өлекселерін жинау, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде.