Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1 пайызға өсті

Бүгін, 12:28 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңге болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1 пайызға өсті.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.

ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.