Ақтөбеде полиция қызметкерлері әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда.
Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген Ақтөбе облыстық ПД хабарламасында.
Әйелдің қатыгездікпен өлтірілген сәті видеоға түсіп қалған.