Доллар, еуро, рубль: Астана мен Алматыдағы валюта бағамы

Бүгін, 08:40 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасаған turkystan.kz.

Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446,01 теңгеден сатып алынып, 453,02 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 496,51 теңге, сату бағамы – 509,01 теңге.

Ал рубль 5,15 теңгеден сатып алынып, 5,35 теңгеден сатылуда. Юаньның сатып алу бағамы 66,01 теңге болса, сату бағамы 70,28 теңгені құрайды.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 449,76 теңгеден сатып алынып, 452,14 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 503,42 теңге, сату бағамы 507,98 теңге болды.

Қалада рубль 5,16–5,27 теңге аралығында, ал юань 67,08–69,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.