Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)

Бүгін, 07:58 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай отау құрды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иелері қуанышты сәттен түсірілген суреттер мен бейнежазбаларды әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады, деп хабарлайды.

«Халықтың тілеуі қабыл болды», – деп жазды Дариға Бадықова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, оларға бақытты ғұмыр мен отбасылық береке тілеуде.

Тойға өнер бірқатар өкілі қатысқан. Қонақтар қатарында продюсер Гүлнұр Мамасарипова, актриса Нұргүл Мыңғатова, әншілер Жазира Байырбекова, Ерке Есмахан және Ақбота Керімбекова бар.