Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 23:31 / Жамбыл Жайлау
Қостанай облысы ПД

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ бен екі мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 12 қазан күні кешке Семин көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

"Жол апаты салдарынан бір адам жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Тэгтер:

Қостанай облысы