Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатын бір ғана медальмен аяқтады

Бүгін, 21:06 / Жамбыл Жайлау
Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжан астанасы Бакуде ересектер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты бір күміс медальмен қорытындылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Шерзод Давлатов көрсетті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Шешуші белдесуде Давлатов Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовке жол берді. Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында барлығы алты кездесу өткізді.

81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар да жүлдеге жақын болды. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сын өтті. Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Франциямен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.

Тэгтер:

әлем чемпионаты дзюдо