Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері ушу-саньдадан облыстық чемпионатта 3 жүлде иеленді

Бүгін, 16:30 / Інжу Әлихан
Ұлттық ұлан

Ақтөбе облысында ересектер арасында ушу-саньдадан облыстық чемпионат өтті. Жарысқа Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің артиллериялық-зениттік дивизионының әскери қызметкерлері қатысып, екі алтын және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші орынды қатардағы жауынгер Саят Серікбай мен ефрейтор Ізгілік Марданов иеленді. Екеуі де өз салмақ дәрежелерінде үздік нәтиже көрсетіп, облыс чемпионы атанды. Ал қатардағы жауынгер Дархан Жақсыгелді жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ушу-саньда қолмен және аяқпен соққы жасау техникасын күрес әдістері мен лақтыру элементтерімен ұштастырады. Бұл жекпе-жек түрі спортшылардан жоғары дене дайындығын, жылдам әрекет етуді, төзімділікті және жекпе-жек барысында тез шешім қабылдай білуді талап етеді.

Ұландықтар үшін спортпен шұғылдану дене даярлығының маңызды бөлігі саналады. Жүйелі жаттығулар күш-қуатты арттыруға, қимыл үйлесімділігі мен төзімділікті дамытуға ықпал етеді. Бұл қасиеттер спорттық жарыстарда ғана емес, қызметтік міндеттерді орындау кезінде де маңызды.

Тэгтер:

чемпионат ушу-саньда