Ақтаулық кәсіпкер тіс пастасы үшін жауапқа тартылды

Бүгін, 14:39 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында жеке кәсіпкер Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, 30 қыркүйек 2026 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің қызметкерлерімен азамат Т. өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында жекекәсіпкер Н. «SPLAT» белгісі бар тіс пастасы контрофактілік тауарларды заңсыз сатқаны анықталған.

Сот жаза қолданғанда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын, ал ауырлататын мән-жайлардың жоқ екендігін ескеріп, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 129750 теңге әкімшілік айыппұлды отыз пайызға қысқартып (4325*10=129750/30%) түпкілікті 90825 теңге әкімшілік айыппұл жазасын қолдану жайлы тұжырымға келді.