Павлодарда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Бүгін, 10:00 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодарда облыс орталығының 52 жастағы тұрғыны Hyundai автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық бұзушылықты Иса Байзақов көшесінде патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады. Полицейлер жүргізушінің көлікті басқару мәнеріне назар аударып, автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында әйелден алкогольдің өткір иісі сезілген. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен әйел 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция масаң күйде көлік жүргізуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылық жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Тэгтер:

Павлодар Мас көлік жүргізуші