Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Бүгін, 09:06 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Көкшетау қаласында жұмысшы баспалдақ алаңынан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz Nayza_kokshe паблигіне сілтеме жасап.

Ер адам Васильковский шағын ауданында 5 метр биіктік сатыдан құлаған. 

"Зардап шеккен адам бірнеше жерден жарақат, ашық бас-ми жарақатын алған, омыртқа және басқа да сүйектері сынған", - делінген жазбада.

Қалалық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқиғаға қатысты Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті пікір білдірді.

"Аталған жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жұмыс берушінің жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ жазатайым оқиға фактісі туралы хабарлама беру бөлігінде нұсқаманы орындау көзделген", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.