Бұқтырма су қоймасында төрт адам құтқарылды

11 қазан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының Киров шығанағында серуендеуге арналған катермен оқыс оқиға болды. Техникалық ақауға байланысты катердегі төрт адам көмек сұрап, жағаға эвакуациялауды өтінген.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, төрт адамды да аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі суға шығар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеріп, қажетті құтқару жабдықтарының бар екеніне көз жеткізу керегін еске салды. Сондай-ақ барлық жолаушы құтқару кеудешесімен қамтамасыз етілуі тиіс.