«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абайға тұрмысқа шыққанын айтты

Бүгін, 00:22 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Актер Олжас Абайға тұрмысқа шыққан актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікке үн қатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, өзгелердің таңдауына баға бермеуге шақырды.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды.

Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған.

Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз.

Тек бақыт тілеңіздер!

Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды Дариға Бадықова.