Қазақстандық таеквондошы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 19:32 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Севостьянова Парижде таеквондодан өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Севостьянова жартылай финалға дейін Тайбэй өкілі Вэй Чунь Линьді, венгриялық Лука Патакфалвиді және өзбекстандық Мадина Марабзолованы жеңген.

Алайда жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі, қазіргі әлем чемпионы Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.