Сәтбаев қаласындағы асфальт зауытында битум өртенді

Бүгін, 16:08 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖМ

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы асфальт зауытының аумағында битум өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, битумның 50 шаршы метр аумақтағы шұңқырда жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіру үшін арнайы өрт оқпандары қолданылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.