Қостанай облысында 100 тонна астық ұрлағандар ұсталды

11 қазан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды.

Оқиға Федоров ауданы Копыченка ауылында болған.

Анықталғандай, камаз жүргізушісі астықты шаруа қожалығынан тасымалдап, 100 тоннасын жасырып қалған. Полицейлер кінәліні анықтап, ұрланған егінді иесіне қайтарып берді.