Жүзгіш Ғалымжан Балабек әлем кубогі кезеңінде Қазақстан рекордын жаңартты

Бүгін, 14:35 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғап жатыр.

Отандық спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт нәтижесін тіркеп, 12-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.

АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды - 3:37.39. Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды - 3:37.74. Ал Мэттью Колдуэлл (ОАР) үздік үштікті түйіндеді - 3:40.95.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.