Алматыда көшеде әйелдің денесіне қол жүгірткен шетелдік қамауға алынды

Бүгін, 11:22 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Алматыдағы Терренкур аллеясында ер адам бейтаныс әйелдің денесіне қол жүгіртіп, бөксесінен ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турист Қазақстанға бір күн бұрын келген.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады.
Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар полиция шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін материалдарды сотқа жолдады.