Жібек Құламбаева Түркиядағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Бүгін, 19:31 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.

Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.

Енді олар финалға өту үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.