Танзанияда автобус пен ағаш таситын жүк көлігі соқтығысып, кемінде 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
The Tanzania Times мәліметінше, екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан кейін автобус пен жүк көлігі өртеніп кеткен.
Жергілікті биліктің алдын ала дерегіне сәйкес, бөрене тиеген жүк көлігі қарсы бағыттағы жолақпен қозғалған.
Куәгерлердің айтуынша, соқтығысқаннан кейін қатты жарылыс болып, екі көлікті де өрт шарпыған. Соның салдарынан автобус пен жүк көлігі толықтай жанып кеткен.
Қазіргі мәлімет бойынша, жол апатынан кемінде 35 адам көз жұмған.
Оқиғаның нақты себептері мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.