Рудный тұрғыны алаяққа қомақты қаржы аударып жіберген

Бүгін, 17:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының Рудный қалалық сотында негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арыз қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талап қоюшы К. жауапкер У-дан негізсіз баю сомасын өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген. 

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы белгісіз тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан жаңылысып, «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының мобильді қосымшасы арқылы аталған банктегі жауапкердің атына ашылған есепшотқа 1 000 000 теңге аударған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, талап қоюшы жәбірленуші деп танылған.

Татуластыру рәсімі барысында тараптар судья көмегімен сот медиациясы тәртібімен келісім жасасу арқылы дауды реттеді.

Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер У. талап қоюшы К.-ға 1 000 000 теңге мөлшеріндегі негізсіз баю сомасын бөліп төлеуге міндеттенді. Атап айтқанда, ай сайын 50 000 теңгеден төлейтін болды.

Сот ұйғарымымен аталған келісім бекітіліп, талап бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Тэгтер:

Алаяқ Қостанай облысы Сот Рудный қаласы