Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын бұзуы бойынша 3 фактіні анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген кәсіпкерді жеңімпаз деп танымаған. Сот мемлекеттік сатып алу қорытындысын заңсыз деп танып, оның күшін жойды.
Бөлім басшысы прокуратураның қаулысымен ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар шектеу шараларын уақтылы алып тастамау және заңсыз тексерулер жүргізу фактілері анықталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.
Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.