Алматыда студенттерге арналған жатақханаларда 830 бос орын бар – әкімдік

Бүгін, 16:52 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Қазір Алматыдағы бірнеше жекеменшік жатақханада студенттерді орналастыруға мүмкіндік бар. Жалпы саны 830 бос орын ұсынылып отыр. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бос орындар бес нысанға бөлінген. Атап айтқанда, Mango Residence жатақханасында – 500, «ANU Group» ЖШС-де – 150, Royal House жатақханасында – 100, «Маер Трейд» ЖШС-де – 50 және Макеева ЖК жатақханасында 30 орын бар.

Қазір Алматыда барлығы 136 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Оның 93-і оқу орындарының қарамағында болса, 43-і жекеменшікке тиесілі. Бұдан бөлек, студенттерді орналастыру үшін 60 хостел де пайдаланылады.

Жатақханаға орналасу мәселелері бойынша +7 705 191 34 19 телефоны арқылы кеңес алуға болады.