Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
Іс-шараларда Қазақстанның арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.