Павлодардағы абақтыдан 15 смартфон табылды

Бүгін, 11:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодарда прокурорлар өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде режим талаптарының сақталуы және тыйым салынған заттардың мекемеге жеткізілу арналарының анықталуы бойынша тексерулер жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мекемелердің біріндегі үй-жайдан 15 смартфон, 6 Wi-Fi-роутер, сымсыз және сымды құлаққаптар, USB-кабельдер, флеш-карталар, Sony PlayStation ойын приставкасы және басқада заттар анықталып, тәркіленді. Аталған заттарды сотталғандарға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 371-бабы (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың режимдік объектіге қалай түскені, оларды ішке өткізу арналары және оған қатысы бар тұлғалар анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Павлодар Түрме телефон смартфон абақты