Павлодар вокзалында пойыз бір адамның аяғын кесіп кетті

Бүгін, 11:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар вокзалында пойыз басып кеткен адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде Павлодар теміржол вокзалында болған оқиға туралы ақпарат тарады. Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, 30 қыркүйекте пойыз адамның аяғын кесіп кеткен.

Кейін зардап шеккен адамның 8 қазанда ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Павлодар Пойыз вокзал