Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында астық қабылдау пунктінің аумағындағы астық тазалау-кептіру кешенінің ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.